Көркем Шортанды көлінің жағасында, Курорт-Бурабай теміржол вокзалынан 15 км және Астана қаласының халықаралық әуежайынан 287 км қашықтықта орналасқан әрмезгілдік бес жұлдызды Rixos Borovoe қонақ үй курорты «Бурабай» ұлттық паркінің керемет қарағайлы ормандарымен қоршалған. Жылы түстермен безендірілген кең бөлмелер көлдің немесе орманның керемет көріністерін ұсынады және жайлы кереуеттермен, теледидарлармен, ауабаптағыш жүйелерімен, мини-барлармен және едені жылытылатын ванна бөлмелерімен жабдықталған.
Қонақ үй аумағында әрмезгілдік төрт мейрамхана, екі жазғы мейрамхана және караоке-бар орналасқан.
- Террассаға шығатын, және еліктіретін көл көріністермен L’Olivo мейрамханасында күнделікті таңғы ас, түскі және кешкі ас швед үстелі форматында беріледі.
- Chalet мейрамханасы ет пен жабайы құстың керемет мәзірін ұсынады.
- Silk Way мейрамханасында қонақтар Орта Азия мен Кавказ тағамдарынан дәм тата алады.
- Sunset Terrace жазғы алаңында әдемі күннің батуын тамашалауға және диджей-сеттерінен ляззат алуға болады.
- Көл жағасындағы Summer Cafe жергілікті балғын балықты, шаяндарды және сүйікті теңіз өнімдерін ұсынады.
Белсенді күннен немесе жаттығу залындағы қарқынды жаттығудан кейін қонақтар жылы бассейні мен ыстық ваннасы бар SPA кешенінде демала алады. Spa&Wellness орталығы түрік хаммамымен, фин саунасымен, ванна бөлмесі бар VIP бөлмелерімен және кең демалыс аймағымен жабдықталған.
Rixy Club-та балалар үшін бәрі жасалған! Шебер аниматорлар сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен нағыз мереке ұйымдастырып, ауаны шаттық пен қуанышқа толтырады.
Rixos Borovoe-дағы ойын-сауықтардың әр алуандылығы аймақтың барлық табиғат мезгілдерін тамашалауға мүмкіндік береді. Жазда қонақ үй көптеген түрлі әрекеттерді ұсынатын вейк саябағының арқасында су ойын-сауық орталығына айналады. Көктемде және күзде қонақ үй жаяу серуендеуге және хайкинг үшін тамаша жағдай жасай отырып, табиғаттың таңғажайып өтпелі түстерімен тамаша үйлеседі. Қыста Rixos Borovoe балалар мен ересектер үшін нағыз қысқы ертегіге айналады. Қысқы спорт түрлері, атқа міну және алдағы ғажайып жылы және жайлы атмосфера жасайды.
Rixos Borovoe – бұл жоғары деңгейлі қызмет әлемдік стандарттар мен таңғажайып табиғи сұлулықтың синергиясын құра отырып, бірегей табиғатпен үйлесетін жер.