Социальные проекты

Нархоз университеті

Нархоз университеті – Қазақстанның экономика, қаржы, маркетинг, менеджмент, цифрлық технологиялар, құқық, халықаралық қатынастар, мемлекеттік басқару, туризм және қонақ үй бизнесі саласында мамандар даярлайтын жетекші жеке меншік жоғары оқу орындарының бірі. Оқыту бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Нархоз QS World University Rankings 2026 рейтингінде түлектердің сұранысы бойынша Орталық Азия жоғары оқу орындары арасында бірінші орын алады. Оқып жүріп-ақ студенттердің 62%-ы жұмыс табады, ал бітірген кезде 95%-ы жұмысқа орналасады. Университет түлектері «Үлкен төрттік» -PWC, E&Y, KPMG және Deloitte компанияларында сұранысқа көбірек ие ТОП – 5 жоғары оқу орнының қатарына кіреді.

Университеттің білім беру бағдарламалары мынадай– FIBAA, CIMA, CIM, AССA және CIA халықаралық аккредитациялардан өткен, бұл АҚШ, Қытай, Еуропа және ТМД елдерінде дипломның мойындалуын қамтамасыз етеді.

Нархоз студенттерге Еуропа мен АҚШ-тың жетекші университеттерімен мынадай қос диплом алуға мүмкіндік беретін бағдарламаларды ұсынады:

  • Queen’s University Belfast (Ұлыбритания)
  • Hof University of Applied Science (Германия)
  • Mykolas Romeris University (Литва)
  • La Rochelle School of Tourism and Hospitality Management (Франция)
  • Penn State University (АҚШ)
  • Illinois Tech (АҚШ)

Сондай-ақ студенттер әлемнің 30 елінен 90-нан астам серіктес университеттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатыса алады.

Университет «Верный Капитал» тобының компанияларымен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Rixos Borovoe және The Ritz-Carlton, Astana қонақүйлерімен дуальды оқыту бағдарламалары іске асырылуда, сондай-ақ ForteBank және Beeline Қазақстанда тағылымдамалардан өтеді.

Университетте төрт негізгі мектеп жұмыс істейді:

  • Экономика және менеджмент мектебі
  • Құқық және мемлекеттік басқару мектебі
  • Цифрлық технологиялар мектебі
  • Гуманитарлық мектеп.

Дипломнан кейінгі білім Narxoz Business School-да беріледі, онда оқыту MBA, Executive MBA, DBA бағдарламалары, сондай-ақ корпоративтік және қысқа мерзімді курстар бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Ең үздік әлемдік стандарттар бойынша салынған Narxoz Business School-дың жаңа ғимараты 2025 жылы ашылды.

Ғылыми қызмет үш ғылыми зерттеу институтында шоғырланған:

  • Қазақстанның тұрақты дамуын зерттеу институты
  • Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы
  • Еуразия экономикалық-құқықтық зерттеулер орталығы

Для студентов открыт фитнес-центр с бассейном Grand Pool, футбольное поле и спортивный комплекс, а также столовая Narxoz Canteen в новом здании Narxoz Business School. Сабақтар Алматыдағы 2022 жылы қайта жаңартылып, жаңғыртылған заманауи кампуста өтеді. Шетелдік және бөтен қаладан келген студенттердің тұруы үшін үш жатақхана қарастырылған, оның ішінде 2024 жылы салынған Emen Student Housing студенттерінің аса заманауи және жайлы үйі бар. Студенттер үшін жаңа Narxoz Business School ғимаратында фитнес орталығы ашылды, онда Grand Pool бассейні, футбол алаңы мене спорт кешені, сондай-ақ Narxoz Сanteen асханасы бар.

www.narxoz.edu.kz