Социальные проекты

Haileybury in Kazakhstan

Haileybury Almaty — Британдық білім және жаһандық болашақ

2008 жылы Haileybury колледжімен (Ұлыбритания) серіктестікте құрылған Haileybury Almaty мектебі 4 пен 18 жас аралығындағы балаларға ең үздік, сапалы білім ұсынады. Білім беру бағдарламасы британдық академиялық жүйенің үздік дәстүрлерін қазақ тілі мен мәдениетіне терең құрметімен үйлестіре отырып, оқыту мен дамыту үшін бірегей әрі шабыт сыйлайтын орта қалыптастырады.

Академиялық селективті оқу орны ретінде Haileybury Almaty iGCSE және A-Level емтихандарында тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетеді. 2024 жылы мектеп түлектері Ұлыбританиядағы, АҚШ-тағы, Еуропа мен Азиядағы Harvard, Stanford, MIT, Columbia, Oxford, Cambridge, LSE, UCL және басқаларын қоса алғанда, әлемнің жетекші университеттерінен рекордтық ұсыныстар алды.

Мектеп әр оқушыға әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына қиналмай түсуге көмектесетін дербес университеттік кеңес беру бағдарламасын ұсынады.

Haileybury Almaty түлектері Sony, Bloomberg, Google, Amazon, JP Morgan, Chevron, Deloitte, PwC, EY, Schneider Electric, Huawei, LG және Біріккен Ұлттар Ұйымы сияқты компанияларда халықаралық деңгейде мансап жолында табысқа жетуде.

Haileybury Almaty — коммерциялық емес мектеп: барлық қаражат білім беру бағдарламалары мен инфрақұрылымды дамытуға бағытталады. 9 және 12 сыныптарға түсетін талантты оқушыларға толық шәкіртақы беріледі.

Мұқият іріктеудің арқасында мектеп өз ісіне шын берілген және болашақ көшбасшыларды дамытуды көздейтін жоғары білікті және ынталы педагогтарды тартады.

 

Haileybury Astana

2018 жылы 12-13 сынып оқушыларына арналған IB Student Center ашылғаннан бері Haileybury Astana Халықаралық Бакалавриат бағдарламасының (IBDP) тиімділігін сенімді түрде көрсетіп келеді — оқушылар Harvard, MIT, Oxford, Cambridge, UC Berkeley, Imperial, HKUST, UCL және LSE т.б. қоса алғанда, әлемнің үздік университеттеріне қиналмай түсіп, оқуда. Haileybury Astana түлектері Ұлыбританияның QS World University Rankings 2026 ТОП 10-ға кірген барлық 10 университетіне түсіп, оқуларын аяқтады, бұл мектепте академиялық даярлықтың сапасын жоғары екенін растайды. Түлектердің IB орташа балы — 34, ал әлем бойынша орташа балл — 30.

2025 жылы біздің оқушыларымызға университеттердің берген академиялық шәкіртақыларының жалпы сомасы 1 000 000 АҚШ долларынан асты, бұл олардың академиялық дайындығының мінсіз екенін, сондай-ақ мектептің беделінің жоғары екенін де растайды. Биыл Haileybury Astana халықаралық білім берудің жоғары стандарттарына адалдығын растай отырып, CIS және NEASC-тен халықаралық қайта аккредиттеуден сәтті өтті.

Haileybury Astana дарынды оқушыларды қолдау үшін инвестиция салуды жалғастыруда. 2025 жылы мектеп IBDP (12-13 сыныптар) бойынша 10 шәкіртақы және 9-сыныпқа түсушілер үшін 2 шәкіртақы бөлді. Haileybury Astana — коммерциялық емес мектеп, оның барлық кірісі оқушылар үшін академиялық, технологиялық және әлеуметтік ортаны дамыту үшін қайта инвестицияланады.

2025 жылдың қазан айында Sci-Tech Hub STEM-білім беру орталығы ашылады, мұнда мектеп оқушылары роботтехника, бағдарламалау, инженерия және биотехнологиямен айналыса алады. Орталық оқушыларға өздерінің инженерлік және зерттеу жобаларын әзірлеуге, сондай-ақ халықаралық олимпиадалар мен ғылыми конкурстарға дайындалуға мүмкіндік беретін заманауи зертханалармен және жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандырылатын болады.

 

www.haileybury.kz