
«ForteBank» акционерлік қоғамы Қазақстанның жетекші банктерінің бірі болып табылады және банк қызметтері нарығында 10 жылдан астам табысты жұмыс істеп келеді.
«ForteBank» АҚ-ның 21 филиал мен 100-ден астам бөлімшеден тұратын тармақталған филиал желісі бар. Сондай-ақ кең таралған мынадай эквайрингтік құрылғылар желісіне ие:
- Сауда-сервистік кәсіпорындарда 20 000-нан астам pos-терминалдар
- Қолма-қол ақша беру пунктінде 200-ге жуық pos-терминал
- 900-ге жуық банкомат, оның ішінде:
- 500-ден астам recycler банкоматтары
- 200-ге жуық сash-in және cash-out банкоматтары
- 200-ге жуық өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары
ForteBank-тің 2025 жылдың алты айындағы қаржылық көрсеткіштері шоғырландырылған қаржылық есептілік негізінде ұсынылды. 2025 жылдың алты айының қорытындысы бойынша ForteBank барлық негізгі қаржылық және операциялық көрсеткіштер бойынша өсім көрсетті.
Активтер
Активтер 11% — ға өсіп, 4 540 млрд теңгені құрады. Банк Қазақстанның банк секторындағы активтер бойынша 7,0% үлеспен 5 позицияны иеленеді.
Кредиттер
Кредиттік портфель 47,6%-ға ұлғайып, 2 687 млрд теңгені құрады. Банк секторындағы Банктің үлесі 7,4% құрайды.
Кредиттік портфельдің сапасы оң динамиканы көрсетеді. ҚР Ұлттық Банкінің әдістемесіне сәйкес 01.07.2025 жылғы жағдай бойынша жұмыс істемейтін кредиттердің үлесі ағымдағы жылдың басында 3,08%-дан төмендеп, 3,03%-құрады.
Депозиттер
Депозиттік портфель 7,8%-ға өсіп, 3 091 млрд теңгені құрады, банк секторындағы Банктің үлесі 7,2%-ды құрады.
Өтімділік деңгейінің қоры айтарлықтай, ағымдағы өтімділік коэффициенті К4 (орташа айлық өтімділігі жоғары активтердің талап етілгенге дейінгі міндеттемелердің орташа айлық мөлшеріне қатынасы) 130,3%-ды құрайды, ал норматив бойынша кемінде 30%.
Капитал және пайда
2025 жылдың алты айында таза пайда 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,8%-ға артып, 100 млрд теңгені құрады.
Банктің меншікті капиталы 497 млрд теңгені құрады. Капиталдың жеткіліктілік коэффициенті К1 (Банктің меншікті капиталының тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтерге қатынасы) 14,1%-құрады, ал нормативте консервациялық буферді ескергенде кемінде 8,0%.