Қазақстанда жеке инвестиция салудағы көшбасшы

«Верный Капитал» компанияларға инвестиция салып, қаржыландыруды тартуға және тәуекелдерді басқаруға, сондай-ақ корпоративтік басқару мен қаржылық есептіліктің ең үздік тәжірибелерін енгізуге көмектеседі.

Компания туралы
Жеке компанияларға тікелей инвестиция құюға (private equity) маманданған Қазақстандағы аса ірі топтардың бірі. Қазақстан мен ТМД-ның басқа елдеріндегі компаниялардың бақылау үлесін немесе миноритарлық үлестің едәуір көлемін сатып ала отырып, топ осы компаниялардың стратегиялық және операциялық басқаруына белсенді түрде қатысады. Топтың негізі 2006 жылы қаланған.
Біз не істейміз
Компанияларға қаржыландыру тартуға, жергілікті тәуекелдерді басқаруға және корпоративтік басқару мен қаржылық есептілік саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуге көмектесеміз.

Компанияларды жаңа операциялық деңгейде дамыту, оларды жаңа нарықтарға шығару, құнын көтеріп, кейін сату мақсатын көздей отырып, біршама кемеліне жеткен компаниялардың капиталына енеміз. Сонымен қатар, компания қоржынында «нөлден бастап» құрылған green field жобалар да бар.
Табыстылықтың бес факторы
Серіктестік
Әрбір жобаға компания нақты бір секторда жұмыс тәжірибесі бар және кәсіби сараптама жасай алатын серіктесті тартады.
Нарықты білу
және тәжірибе
Біз назарымызды ең алдымен Қазақстан мен ТМД елдеріне, яғни компанияның өзі аса жақсы түсінетін нарықтарға шоғырландырамыз.
Қайталама нарықтағы
сатып алулар
Біз жобаларды мемлекеттік аукциондарға және мемлекеттік меншікті сатудың басқа түрлеріне қатыспай-ақ жеке меншік иелерінен ғана сатып аламыз.
Үздік
сараптама
Серіктестік жобаның ең үздік тәжірибе мен жаңа технологияларға қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
Белсенді
қатысу
Сатып алынатын компанияларды басқаруға белсенді қатысу.
Біздің ұстанымдарымыз
Компаниялар тобы нақты секторда үздік сараптамаға, жұмыс тәжірибесіне және ең соңғы технологияларға ие серіктестерді тарта отырып, синергия ұстанымын ұстанады, өз назарын Қазақстан мен ТМД елдерінің нарықтарына шоғырландырады. Топ жобаларды мемлекеттік сауда-саттықтарға және мемлекеттік меншікті сатудың басқа нысандарына қатыспай, тек жеке иеленушілерден сатып алады.
Біздің көздегеніміз
Өзіміз басқарып отырған капиталды сақтап қалу және молайту.
Біздің миссиямыз
Біз капиталды біріктіріп, кәсіпқой мамандарды тиімді топтарға тартамыз, жоғары табысты компанияларды құру үшін озық технологияларды енгіземіз, осылайша экономиканы дамытып, қоғамдық игілікті арттырамыз.
Біздің миссиямыз
Көшбасшылық
Біз алдымызға өршіл мақсаттар қойып, керемет нәтижелерге қол жеткізе отырып, болашақты жасаймыз. Біз үшін көшбасшылық деген — шабыт, ынта-жігер және командаларды жаңа биіктерге жетелеу мүмкіндігі. Біз қызметкерлерге қиын да күрделі тапсырмалады сеніп тапсыру, әлеуетін ашуға көмектесу арқылы оларды дамытамыз. Тұрақты түрде жетілуге деген ұмтылыстың арқасында біз өзгерістерге бейімделіп қана қоймай, ертеңгі күннің бизнес ортасын қалыптастырамыз.
Табандылық
Біз адалдық, құрмет, парасаттылық және әдептілік секілді нақты моральдық қағидаттарға сүйене отырып, сенімді қалыптастырамыз. Біздің жұмысымыздың негізінде бизнесті жүргізудің өзіміз бұлжытпай сақтайтын ең жоғары стандарттары жатыр. Біз сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік саясатын ұстанамыз, серіктестік қарым-қатынаста тұрақтылық пен сенімділікті қамтамасыз ете отырып, ашық және сенімді түрде әрекет етеміз. Қандай жағдай болмасын, біз әрқашан өз құндылықтарымызға адалдығымызды сақтай отырып, ережелерімізден ауытқымаймыз.
Коммуникация
Өзара тиімді іс-қимыл жасау біздің жетістікке жетуіміздің негізі болып табылады. Біз барабар жауап беру және салмақты шешім қабылдау үшін мұқият тыңдаймыз және түсінісу мақсатында тексереміз. Мәртебе мен көзқарастардағы айырмашылықтарға қарамастан, біз сенім мен ашықтық ахуалын қалыптастыра отырып, әр адамға құрмет көрсетеміз. Кез-келген, тіпті ең қиын жағдайларда да біз кәсіпқойлықты сақтаймыз және іскерлік қарым-қатынас этикасын ұстанамыз.
Тұрақтылық
Біз тіпті ең қиын жағдайларда да мақсат пен тиімділікті назардан тыс қалдырмай, өзгерістерге икемді түрде бейімделеміз. Біздің командаларымыз басқалар тек қиындықтарды ғана көретін жерлерде кедергілерді жеңу және мүмкіндіктерді табу арқылы табандылық пен жігерлілік танытады. Біз тәжірибені бағалаймыз, қателіктерден сабақ аламыз және алған сабақтарымызды үнемі жетілдіру үшін қолданамыз. Эмоциямыз бен мінез-құлқымызды басқара отырып, біз ішкі тепе-теңдікті сақтаймыз және баянды табысқа жету жолында берік негіз жасай отырып, алға қарай сеніммен қадам басамыз.
Біздің командамыз

Айдан Аканов

Бас директор

Дәурен Өтемұратов

Бас директордың бірінші орынбасары

Марлен Мирзабеков

Бас директордың орынбасары

Данияр Тұрсынқұлов

Бас директордың орынбасары – Қаржы директоры

Искандер Жакенов

Құқықтық мәселелер жөніндегі бас директордың орынбасары

Гаухар Нұрушева

Қаржылық бақылау жөніндегі басқарушы директор

Сергей Арсеньев

Инвестициялық бағыттың басшысы

Жарқын Бекжанов

Персонал жөніндегі басқарушы директор

Данияр Жүсіпов

Активтерді басқару департаментінің Басқарушы директор

Жанболат Үсенов

Корпоративтік байланыстар жөніндегі басқарушы директор